Тәуелсіздік айнасы

Тәуелсіздік туындысы

  • Тәуелсіздік туындысы

    Тәуелсіздік туындысы

Ұшар басын Алатаудың асқарынан алатын тау өзен­дерінің бірегейі  – Шарын өзенінің, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жылысай ауылының тұсынан са­лын­­ған Мойнақ СЭС құрылы­сы оңтүстік өңірдегі энергети­калық тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ететін ауқымды жобалардың бірі. 

ҚР Үкіметінің «Электр энергетикасын 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасы туралы» 1999 жылдың 9 сәуіріндегі № 384 және  «Мойнақ су электр стансысының құ­ры­лысы туралы» 2005 жылғы 21 қараша­дағы № 1143 Қаулыларына сәйкес, еліміз­дің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы бірден-бір қайталанбас жоба – Мойнақ су электр стансысының құрылысын қайта қолға алу туралы шешім қабылданды.

Ғалымдар қысы-жазы ағымын жоғалт­пай ағатын Шарын өзенін ұзақ жылдар бойы зерттей келе, оны су электр стансысын салуға қолайлы жер деген тоқтамға келеді. 1985 жылы қолға алынған жоба жұмысы Одақ тараған кезде тоқырап, «Бестөбе» су қоймасының құрылысы 1992 жылы қар­жы­лық қиындықтарға байланысты аяқтал­май қалады. Осылайша, су электр стансы­сының ендігі тағдыры Тәуелсіз Қазақстан Үкіметінің қолына көшеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мақұлдауымен ел эко­номи­касына пайдалы жоба қайта пысықта­лып, Үкімет Қаулысына сәйкес, Тәуелсіздігі­міздің 15 жылдық мерейтойы қарсаңына орай қолға алынған бұл стансының алғаш­қы қадамы, міне, еліміздің 20 жылдық мерей­тойына тарту болып отыр. 

Жобаға салынған қаражат көлемі – 360 млн АҚШ долларынан астам. Мойнақ СЭС-і жай емес, күрделі жоба болғандық­тан, оның жұмысына отандық компания­лар­ға қоса, Қытайдың су шаруашылығы және энергетика корпорациясы да жұмыл­дырыл­ды. Стратегиялық маңызды инфра­құ­ры­лымдық жобаны Үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму бағдарламасын жүзе­ге асыру ауқымында Қазақстанның Даму банкі мен Қытайдың Мемлекеттік даму банкі 200 млн доллар көлемінде қаржы­лан­дыруда. ҚДБ бойынша несие желісі 133 млн АҚШ долларына дерлік қаражатты құрайды, сондай-ақ оған «Самұрық-Энер­го» АҚ 38 млн доллар көлемінде өз қаржы­сын салды.

Құрылыстың техникалық-экономи­ка­лық негіздемесі «Казгидро» ЖШС жобалау институтымен 2005 жылы әзірленді. Мақ­саты – еліміздің оңтүстік өңіріндегі тапшы­лықты энергия жүйесіне электр қуаты мен энергиясын тасымалдау үшін электр энер­гиясының маневрлік көзін құру; оңтүстік өңірдегі үдемелі жүктемені жабу (электр энергиясының теңгерімді нарығындағы жұмыс).

Су электр стансыларының тарихын парақтап қарасақ, деривациялық (өзінің негізгі арнасынан суды бұрып ағызу) тун­нель стансылары бұған дейін тек Армения мен Осетияда бұрынғы кеңес заманы кезінде салынған екен. Олардың бірінші­сінің құрылысы бұдан – 64 жыл, ал екінші­сіне 37 жыл бұрын жүргізіліп, іске асырыл­ған. Айта кететін жайт, бұл екі стансының қосы­лып берген қуаты бір ғана «Мойнақ­тан» көп төмен екендігі анық. Демек, бұл –біз­дің елімізде кеңес заманынан кейінгі тұңғыш қолға алынып отырған ерекше құ­ры­лыс. Суды негізгі арнадан бұрып алып, арнайы туннельмен ағызу, яғни деривация­лау тәжірибесі елімізде тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр. Ондағы су қысымы 500 метрді құрайды. Қоймадан жіберілген су 9 шақырымға созылатын туннельмен ағып келіп, екі турбинаға бөлінеді. Ал осы екі турбинаның әрқайсысы секундына, яғни, қас-қағым сәтте тегеурінді екпінмен 37 тек­шеметр су өткізе алады. Осы жойқын екпін 150 мегаваттан электр қуатын өндіре­ді.

Мойнақ СЭС-інің бас су торабы – Бестөбе су қоймасы. Бөгеттің биіктігі – 94 метр. Осынша биіктікте тұрған бөгеттің табаны су езіп кетпейтіндей бетонмен тегістеліп, алып «ыдысқа» айналған. Оның құрылысын «Кернеу Лимитед» компаниясы іске асырған. Сыйымдылығы 238 миллион текшеметрлік қойманың ұзындығы – 16 ша­қы­рым,  жазықтығы 10 шаршы шақы­рым­­ды құрайды. «Алып ыдыстың» ені жалпы 500 метр деп есептелгенімен, кей жерлер­де бұл өлшем бір шақырымға же­те­ді. Бөгет құрылысы 9-10 балдық жер сілкінісіне тө­теп беретін беріктікпен есепте­ліп соғыл­ған. Төтенше жағдай болса, төрт бірдей тұтқыр автоматты түрде іске қосы­лып, су жолы жабылады. Аталған су қой­ма­сын толтыру ағымдағы жылдың 27 қыр­кү­йегін­де басталды.

Жаңа технологиялар негізінде салынған Мойнақ СЭС-інің жұмысына энергетика саласында қызмет атқарып жүрген білікті мамандарымыз Қапшағай СЭС-інің жұмы­сы­мен салыстырмалы түрде талдау жаса­ды (кестені қараңыз).

Талдау нәтижесі бойынша Мойнақ СЭС-інің 1 кВтс өндіруге жұмсалатын су шы­ғыны Қапшағай СЭС-інің сәйкес көр­сет­кішінен 15 есе кем болғандығы; МСЭС су қоймасының сыйымдылығы (0,238 млрд м3) Қапшағай СЭС су қоймасының сыйымдылығынан (16,8 млрд м3) 70 есе кем екендігі анықталды. Мойнақ СЭС-іне турбинаны өндіру бойынша әлемдегі озық компаниялардың бірі Австралияның «Анд­риц» фирмасының шөмішті типтегі жоғары арынды гидротурбинасы орнатылған. Мұндай гидротурбинаның ПӘК 91,84 % құрайды. Бұдан басқа, Мойнақ СЭС-не тех­нологиялық үрдісті басқарудың және өндірісті автоматтандырудың заманауи жү­йелері орнатылған. Талдауға ден қой­сақ, заманауи талапқа сай жасалған Мой­нақ СЭС еліміздің Оңтүстік өңіріне жеткілікті түрде қуат өндіретініне қарамастан, аз шығын жұмсайтын бірегей нысан екендігіне көз жеткіземіз.

Ірі энергетикалық нысанның құрылысы негізінде жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Құрылыс жұмыстары кезінде 700-ге дейін адам жұмыспен қамтылады. Іске қосыл­ған­нан кейін стансыда 127 жаңа жұмыс орны ашылады. Мұнда тұрмысқа қажетті бірқатар нысандар пайдалануға беріледі. Стансыға қажетті мамандар әртүрлі оқу орындарында дайындалып жатыр. Мойнақ СЭС-і пайдалануға берілгеннен кейін электр қуатының 1 мың киловаты 1 138 доллардан босатылмақ. Мойнақ СЭС-інің орташа жылдық электр энергиясын шығару көлемі 1 мил­лиард 27 миллион киловатт сағатты құрайды. Ал Алматы облысына бір жылға қажет электр қуаты  – 1 млрд 300 млн кВт сағатқа тең. Демек, облысымыздағы өзге де кішігірім стансыларды қосқанда оңтүстік өңірді электр қуатымен қамтамасыз етуді іске асыру мүмкіндігі туындап отыр.

Мойнақ СЭС – көлемі мен қуаты жағы­нан Қазақстандағы бесінші су электр стан­сысы және Тәуелсіздік алған жылдарда елі­мізде іске қосылатын алғашқы алып энергетикалық нысан.

Барлық құрылысы аяқталып, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында алғашқы қуатын өндіруге кіріскен Мойнақ су электр стансы­сының өнімі – түгелдей Қазақстанның мен­­ші­гінде. Қытайлық компания тек құры­лыс­ты салуға ғана қатысып отыр. Жобаның 51 пайыз акциясы мемлекет меншігінде болса, 49 пайызы отандық инвесторлардың қолында екендігін үлкен мақтанышпен айта аламыз. 

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі ауырт­­палықты жылдар өтіп, еліміздің жал­пы жағдайы, экономикасы жақсара баста­ған тұста, берері мол жоба жайлы әңгіме жоғары дәрежеде көтерілген кезде жан-жақты әрі кең ауқымды атқарылып жатқан жұмыстардың басында жүрген, Мойнақ үшін қажырлы еңбек еткен, еңбектері ерен ерлікке пара-пар тұлғалардың бірі, «Мой­нақ» су электр стансысы АҚ-ының президен­тін айрықша атап өткен жөн болар. Оразалы Дәулетиарұлы – тәжірибесі мол, алдына стратегиялық мақсат қоя бі­ле­тін басшы ретінде кең-байтақ республи­ка­мыз­дың энергетика саласының дамуына зор еңбек сіңірген қайраткер. Мойнақ СЭС құрылысындағы барлық атқарылған жұ­мыс­тарға, стансыдағы жабдықтар мен қондырғылардың сапалы түрде орнаты­луы­на жеке бақылау жүргізген Қантаев Оразалы Дәулетиарұлының тікелей басшы­лығының арқасында аталған құрылыс алға қойған мақсатына, жоспарына сай жүр­гізіл­ді. Осындай ел ертеңі толғандырған тұғыры биік азаматтарымыздың арқасында «ғасыр құрылысы», «бірегей нысан» деген аттарға ие болып отырған Мойнақ СЭС жоспарға сай жүргізіліп, бүгін іске қосылып отыр.





Көрілген: 3207    Пікірлер: 0

жұма, 09.12.2011, 12:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30