Тәуелсіздік айнасы

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Алтын күз» бал фестивалі

Бүгіндері сүйсініп жейтін жеңсігімізге айнала бастаған әсел-балды табиғиынан ажырату қиын. Сол себепті соңғы кездері нарықты жасанды өнім жаулап барады. Оған басты себеп – балдың елімізде сертификаттауға жатпайтын тауарлар қатарына жататындығы. Дегенмен Бүкіләлемдік араны қорғау қорының мүшесі Валерий Лукбанов:«Бұл – уақытша құбылыс», – дейді.

«Бүгіндері Алматыдағы Ауыл шаруа­шылығы институты жанында кванттық физикаға негізделген жаңа зертхана ашылып жатыр. Мұнда кез келген балдың биотүрлілік құрамын анықтауға болады. Соның ішінде сапасын да. Бір сөзбен айтқанда, ол зертхана бойынша әр балдың түріне қарай куәландырушы құжат жасап шығуға болады. Кейін мұны арнайы серти­фикаттаушы орталық ретінде пайдалануға мүмкіндік бар, – дейді В.Лукбанов мырза 25-27 қарашада Алматыда өткен «Алтын күз» бал фестивалі аясындағы «ҚР-дағы ара шаруашылығы саласы: қазіргі жағдайы және болашағы» атты дөңгелек үстел талқысындағы сөзінде.

Биыл еліміз бал ара шаруашылығын дамытушы ел ретінде халықаралық қауым­дастық қатарына қосылды. Бұл жаңалық отандық омарташыларды бір серпілтіп тастады. Себебі бұл олардың халықаралық жобаларға қатысуға, сырттан инвестиция тартуға мүмкіндік беретін жолдың бірі екені белгілі.

Нұрәділ Ғабит, «Бал-Ара» ұлттық омарташылар одағының вице-президенті:

– Елімізде 2008 жылы Ұлттық омарташылар одағы құрылды. Біз ең бірінші болып шетелмен тәжірибе алмасуға ден қойдық. Өйткені онсыз алға даму мүмкін емес екені аян. Бастапқыда 30 омарташымызды Израильге оқуға жібердік. Одан кейін Украинаға, Қытайға, Ресейге сапар жасалды. Осы тәжірибелерді жинақтай келе, асылтұқымды шаруашылықты дамыту мәселесін жіті қарастыра бастадық. Бұл ретте бүгіндері Оңтүстік Қазақстан облысында бір жоба қолға алынып жатыр. Сондай-ақ ара шаруашылығын көшпеліліктен тұрақтылыққа көшіру мәселесінің қаржылық жағы зерделенді. Соның арқасында бүгіндері жекеменшік ауқымды жері бар отандық омарташылар жеңілдікпен несиеге қол жеткізе алады. Ғалымдардың еңбегі негізінде елімізде өсетін бал шырынды өсімдіктердің атласы жасалды. Қазақ және орыс тіліндегі бұл картада өсімдіктердің мінездемесі берілген. Ол қашан гүлдейді, мұндай өсімдіктерді қалай күтіп-баптауға болады деген секілді.


Сондай-ақ Н.Ғабит биыл ара шаруашы­лығы үшін де айтарлықтай оқиға орын алғанын жеткізді. Отандық 15 омарташы­мыз алғаш рет Аргентинаға барып, Қазақ­станды ара шаруашылығын дамушы ел ретінде танытып қайтыпты. Осы жиында Бүкіләлемдік омарташылар қоғамы бірауыз­дан біздің елімізді өз құрамына енгізу туралы шешім шығарған екен. «Бұл айтулы оқиғаны біз ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнаймыз», – дейді «Бал-Ара» ұлттық омарташылар одағының вице-президенті.

Оның айтуынша, 2017 жылы осы халықаралық қауымдастықтың жиынын өткізуге біздің еліміз өз кандидатурасын ұсынып отыр екен.

«Жалпы, шетелге барғанда ондағы омарташылардың жиналған балдан емес, араларды асылдандыру арқылы өнім сапа­сы мен өнімділікті арттырып мол пайдаға кенеліп отырғанын көреміз. Ал біздің жағдайымыз керісінше. Бал өндірісінен омарташылар керемет пайда тауып отырған жоқ. Сондықтан бұл жағдайды өзгерту үшін алда сайланатын Парламент өкілде­ріне үміт артамыз. Ел Парламенті сайлауына Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан тоғыз үміткер ұсынылатындығы белгілі. Міне, солар арқылы отандық омарташы­лардың ақыл-кеңесі негізінде «Бал-ара шаруашылығы туралы» Заңға өзгеріс енгі­зіп, саланы дамытуға мүмкіндік аламыз деп ойлаймыз», – дейді Н.Ғабит.

Лариса Шикунова, Алматы қаласы мен Алматы облысының омарташылары қоғамының төрайымы:

– Біздің қоғам үздіксіз 30 жыл бойына қызмет етіп келеді. Тәуелсіздік алған алғашқы қиын-қыстау кезеңге қарамастан, біз ара шаруашылығындағы әлеуеттің басын қосып бірлесе қимылдасақ, тірлігіміздің жанданатындығына сендірдік. Бүгінге дейін аналықты күтіп-баптау, араға зиян келтірушілер, ауру түрлері, ем-дом шаралары, ара ұясын сақтау секілді мәселелер бойынша бірнеше дөңгелек үстел өткіздік. Ара шаруашылығын мемлекеттік қолдау және құқықтық кеңес бойынша да қызметтер көрсетеміз. Ғаламдық экологиялық қорының шағын гранты бағдарламасы шеңберіндегі қаржылық қолдау бойынша 2010 жылы «КАМП-Консалтинг» қоғамдық қоры «Ара шаруашылығы биотүрлілікті сақтау тәсілі ретінде» жобасының жүзеге асырыла бастағанын баса айта кетелік.


Жиын соңында осы дөңгелек үстелге аймақтан жиналған ара өсірушілердің үздіктері анықталып, арнайы марапатпен марапатталды.




Көрілген: 2450    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.11.2011, 11:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31