Тәуелсіздік айнасы

Ұлт бедерін нығайтуға бағытталған бағдарлама

  • Ұлт бедерін нығайтуға бағытталған бағдарлама

    Ұлт бедерін нығайтуға бағытталған бағдарлама

Саттар МӘЖИТОВ, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология  институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, профессор:


– Қазіргі кезеңде Қазақстандағы мем­ле­кет пен қоғам арасындағы жемісті келіс­сөз бен ынтымақтастықты шын мәнінде қамтамасыз етуші – 2004-2008 жылдар. «Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарла­масы», ал 2009 жылдан бастап «Ұлттық стратегиялық жоба» деп аталатын мәдени-рухани саладағы мемлекет пен қоғам арасындағы диалог көпіріне айналған қа­зақстандық бренд деп есептеуге болады.

Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудың алдыңғы кезеңі (2004-2007 жж.) бұрынғы дәуірлердегі аға ұр­пақтың материалдық және интеллек­туал­дық құндылықтарын сақтау мен оны одан әрі дамытуға мемлекеттің үлкен қамқор­лығының қажеттілігін көрсетті. Ұлттық деңгейден биік тұрған іскерлік кәсіпкерлік пен этникалық шекаралардың жойылуы барысында өзінің тарихи мұрасын сақтауға барынша ұқыптылықпен қарау қазақ қоғамындағы моральдық-этникалық құндылықтардың басымдыққа ие екеніне және бұл бағытта мемлекеттің айқын саясат ұстап отырғанын, халықа­ралық аренада өзінің ұлттық беделін нығайтуды көздей­тінін аңғартады. Қазақстанның мәдени мұрасының байлығы оның әлемдік тарих­тың қазынасына қосқан үлесі бойынша ғана өлшенбейді, ол сонымен қатар бола­шаққа деген ұмтылысының қуатты серпінін айқындайды. Бұл жөнінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «тарих ұлттық руханияттың дамуына өзінің игі ықпалын тигізеді» деп атап көрсеткен еді.

Жалпы, «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынысымен, алдымен шетелдік мұра­ғаттарға баруға мүмкіндік пайда бол­ды. Өздеріңіз білесіздер, бұл қаншалықты қиын іс екенін. Шетел мұрағаттарында ешкім бізді құшағын жая қарсы алмайды. Сондықтан қажет деректерді анықтап, олар­ды тауып, көшірмелерін алып, Отаны­мызға әкелу – нағыз ерлікке тән дүние. Міне, сондай ерлікпен қазақ халқының мә­де­ни мұрасында тарихи мәні бар қолжазба­ларды, сирек кездесетін басылымдарды, кітаптар мен мұрағат құжаттарын анықтау және олардың көшірмелерін алу үшін Ре­сейдің, Қытайдың, Батыс Еуропа, Түркия­ның, басқа да елдердің мұражайлары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспе­дициялары ұйымдастырылды.

Ұлттық мәдениет үшін ерекше мәні бар бірегей тарихи-мәдени, сәулет және архео­ло­гиялық ескерткіштерге қолданбалы ғы­лы­ми-зерттеулер, сондай-ақ ауызша кәсіби дәстүрдегі аса көрнекті музыкант-орындаушылардың еліміздің қорларын­дағы, мұражайлары мен қоймаларындағы дыбыстық жазбаларын қалпына келтіріп, қазіргі заманғы аудио-тасығыштарға көшіру жұмыстары жүргізілді.




Көрілген: 2053    Пікірлер: 0

сенбі, 05.11.2011, 11:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30