Тәуелсіздік айнасы

Ұлттық экономиканың айнасы

  • Ұлттық экономиканың айнасы

    Ұлттық экономиканың айнасы

«Эксперт РА Қазақстан» рейтинг агенттігі осымен үшінші жыл «Эксперт-100- Қазақстан» жобасын жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ осындай атаумен форум да өткізіліп жүр. Айта кету керек, биылғы форум өз жұмысын 23 қарашада бастайды. Оның мақсаты – ұлттық экономика көшбасшыларын айқындау, ірі компаниялардың алдыңғы қатарлы тәжірибесін насихаттау, сондай-ақ экономика дамуының негізгі тенденцияларын талдау және экономикалық саясатты жетілдіруге арналған ұсыныстарды саралау.

Ірі бизнестің 2010 жылғы рейтингі ел экономикасының дағдарыстың терең фа­за­сынан шыққанын дәлелдейді. Осы рей­тингке қатысушы компаниялардың жи­нақ­талған табысы 13 трлн теңгеден асып түсті. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 25 пайыз­ға, 2007 жылмен салыстырғанда 50 пайызға артық. Мұндай өсім қарқыны «Әлем­нің ең қауырт дамыған экономикасы» дәрежесін иемденуге мүмкіндік береді. Ernst&Young мәліметінше, осы дәрежені иемденуші мемлекеттер арасында бірінші орында – Қатар, екінші орында – Қытай, үшінші орында Қазақстан тұр.

Ал өзімізде ұлттық экономиканың көш­бас­шысы ретінде «Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қоры деп танылды. Оның табы­сы өткен жылы 3,6 трлн теңгені құ­ра­ды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,9 пайызға көп. Сонымен қатар алғашқы он­дық биыл «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (8- орын) және «Қазмырыш» ЖШС (10-орын) сияқты алыптармен толықты.

Экономиканың өзегі саналатын өнер­кәсіп компаниялары өткен жылы өз та­бы­сын 37,3 пайызға ұлғайтқан. Деген­мен өсім­нің басты драйверлері деп өнер­кәсіптің өндіруші саласын айту керек. Әл­бет­те, оған әлемдік нарықтағы мұнай мен металдар бағасының өсуі әсер еткені анық. Рейтингтегі барлық компаниялардың жиын­тық табысының шамамен 71 пайызы мұнай және тау-кен металлургия компа­ния­лары үлесінде. Мұнайшылардың та­бысы 34 пайызға өсті. Елімізде өндірілетін бүкіл «қара алтын» көлемінің жартысынан көбі «Теңізшевройл» мен «Қазмұнайгаз» ҰК еншісінде. Әрі олардың үлесі жыл санап өсіп келеді. Ал тау-кен металлургия ком­па­ниялары өз табысын былтыр 47,7 пайызға арттырды.

Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі табыс көлемі өткен жылы – 26,6 пайызға, көлік – 24,3, телекоммуникация 16,1 пайыз­ға артты. Әзірге есін жинай алмай отырған құрылыс саласы. Былтырғы жылы құрылыс компанияларының табысы 11,4 пайызға төмендеген. 2007 жылдан бері осы құрылыс саласына байланған ірі банктердің де табысы айтарлықтай төмен­дегені белгілі. Алайда бұл жағдай екінші деңгейлі банктердің көтерілуіне мүмкіндік берді. Бүгінгі күні олар тұрақты өсімін сақтап отыр. Соңғы төрт жыл ішінде екінші деңгейлі банктердің қаржы жүйесіндегі үлесі 8 пайыздан 15 пайызға өскен.

Әділ Мамажанов, «Эксперт РА Қазақ­стан» рейтинг агенттігінің директоры:

«Ірі банктердің ссудалық қоржынын тазарту процесі қазіргідей баяу жүрсе, біз еліміздегі банк жүйесінің толық өзгеріске ұшырауының куәсі болмақпыз. Алдағы үш-бес жыл ішінде тікелей инвес­ти­цияларды ұлғайту және құнды қағаз­дар шығару есебінен қаржы тарту ар­қылы корпоративтік сала құлашын кең жаюы ғажап емес».


Рейтингке еліміздегі бүкіл компания қатысты деуге болмайды. Агенттік ашық мәліметтер мен компаниялар ұсынған мәліметтермен ғана жұмыс істеуге мәжбүр. Дегенмен алдағы уақытта тізім толығады деген үміт зор. Өйткені Кеден одағы аясын­да үш елдің экономикасы сөзсіз интег­ра­цияланады. Сондықтан бизнес үшін сапалы сараптама қажет-ақ. Қанша деген­мен, мұн­дай рейтинг ұлттық экономиканың айнасы іспетті, елдегі компания біткеннің қыз­метін жал­пақ жұртқа жайып көр­се­те­ді.

Қайнар Қожымов, Инвестициялар рен­та­бельділігін зерттеу агенттігінің дирек­торы:

«Біздіңше, отандық экономиканың деңгейін, сондай-ақ салалық және халықаралық нарықтардағы ахуалды дер кезінде саралаудың маңызы зор. Экономикалық жағдай мен оның даму болжамын білу арқылы корпоративтік сектор осындай рейтингтерге қосылып, ондағы орнын тұрақтандыра алады».





Көрілген: 3641    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.11.2011, 11:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30