Теңдік

Ұлттық мерекенің тойлануына көңіліңіз тола ма?



Әлима СҚАҒИҚЫЗЫ, филология ғылымының кандидаты, доцент:

– Шыны ке­рек, елі­міз­дегі Наурыз ме­рекесінің той­лануына менің көңілім толмайды. Халықтың Наурыз ме­ре­ке­сіне деген ынта-ықыласы, ниеті жақсы. Бірақ жергілікті басқару орган­дары тарапынан жүргізілетін мерекелік ұйымдастыру жұмыстары нашар. Жаңа жыл мерекесіне үш ай бұрын алдын ала дайындалады, алаулатып-жалаулатып мерекелік құт­тық­тауларын іледі, шыршаны тігеді, жер-дүниені жыл­тырақ­тармен безендіреді. Ал Наурыз мерекесінің тойлануына бір ай түгіл, үш-ақ күн қалды, көшелерде әлі Наурыз мерекесін айшықтайтын ешқандай бе­зендірулер жоқ. Жаңа жыл мереке­сінің алдында жергілікті әкімдіктер мекемелерге нұсқау беріп, маңдай­ша­ла­рына мерекелік құттықтаулар ілуге, есік­терінің алдына шырша тігіп, жыл­тырақтармен безіндіруге тапсырма береді. Егер Наурыз мерекесінің алдын­да да мекемелерге алдын ала осындай нұсқау берсе, көшелерде мерекенің нышаны білініп, халық та Ұлыстың ұлы мерекесін сезінер еді ғой. Бұл жерде 70 жыл Кеңес одағының құрамында бо­лып, рухымыз жаншылып қалған, анау-мынау деп ақталудың қажеті жоқ. Дәл бүгінгі күні ұлттық мерекемізді дүбірлетіп тойласақ ешкім бізге «қой» демес еді. Ұлттық мерекені шенеу­нік­теріміздің санасы сезінбейінше осылай бола береді.




Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

– Дәл қазір Наурыз мерекесін тойлаудың бәрібір басқа тұжы­рым­дамасы жоқ. Ұлттық мерекемізді тойлау жыл­дан-жылға жетіліп келеді. Сон­дықтан артық сынай бермей, ме­ре­кені осы күйінде қабылдауымыз керек. Дәл қазір бірдеңені өзгертеміз деп ты­рысудың да қажеті жоқ. Халықтың қа­ла­уымен бәрі алдағы уақытта дұрысталады деп ойлаймын.




Айгүл АХМЕТҚАЛИЕВА, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы» қоғамдық қорының директоры:

– Наурыз мерекесінің жалпы рес­публика көлемінде тойлану дең­ге­йіне кө­ңілім толмайды. Мерекені тойлау дең­гейі «Ұлыстың ұлы мерекесі», «Ұлт­тық Жаңа жылымыз» деген дәрежеге жете қойған жоқ. Көбіне тойлау деңгейі жасан­дылықтан, көзбояушылықтан ары аса алмайды. Мәселен, Жаңа жыл мерекесі мен Наурыз мерекесі екеуін салыстыруға келмейді. Әлі күнге ұлттық мерекеміздің мәртебесін арттыруға деген құлшыныс байқалмайды. Жаппай халыққа мерекелік көңіл күй сыйлап, ұлттық мерекемізді тойлауға жұмыл­ды­ра алмай отырмыз. Айта кетер жайт, Нау­рыз мерекесі батыс өңірімізде бас­қа­ша тойланады. Барша халық көшеге шығып, үй аралап, әркім өз өнерін барынша ортаға са­лып, бір ай көлемінде ерекше бір ек­пін­мен тойлайды. Жас жұбайлар не­кесін қидырып, тойларын осы кезеңге орайластыруға тырысса, ренжісіп қал­ған адамдар арнайы бір-бірін іздеп ба­рады, жаппай ағаш егеді, сенбіліктер өт­кізеді. Осы бір лепті республикалық деңгейге жеткізе білсек керемет болар еді. 




Көрілген: 2712    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.03.2013, 13:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30