AUSTRALIAN OPEN-2016. Путинцева — үшінші айналымда
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (76) Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.
Ол екінші кезеңде қытайлық әлемнің 162-ракеткасы Хань Синьюньмен кездесіп, екі сетте жеңді.
43 минутқа созылған бірінші сет 6:3 есебімен аяқталса, екінші сет 40 минутта аяқталып, қазақстандық теннисші 6:1 есебімен жеңді. Бұл — екі теннисші арасындағы алғашқы кездесу.
Путинцева енді үшінші раундта ресейлік Маргарита Гаспарянмен (58) ойнайды. Ол бірінші айналымда әлемнің экс-бірінші ракеткасы даниялық Каролин Возняцкиді жеңген.
Путинцева спорттық карьерасында алғаш рет Grand Slam жарыстарының үшінші кезеңіне шығып отыр.
Ертең, 21 қаңтар қазақстандық тағы бір теннисші Ярослава Шведова екінші айналымдағы кездесуін америкалық Мэдисон Кизбен кездеседі. Киз бірінші айналымда қазақстандық Зарина Диясты жарыстан шығарған.