Теннис

Astana Open: Голубев пен Недовесов жұптық сында жартылай финалға шыға алмады

  • https://olympic.kz/

    https://olympic.kz/

Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Astana Open ATP 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық жұп ширек финалда монаколық Ромен Арнеодо - франциялық Бенджамин Бонзимен шеберлік байқасты.

 

Бірінші партияда монаколық-франциялық жұп 6:4 есебімен басым түсті.

 

Екіншісінде қазақстандықтар дәл осындай есеппен қарымта қайырды.

 

Супер тай-брейкте Арнеодо мен Бонзидің жолы болды - 10:7.

 

Сағат жарымдай уақытқа созылған матчта қарсыластар екі реттен эйс жасап, бір-бірден брейкке қол жеткізді.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Острава турнирінің, Astana Open жарысында Александр Бубликтің ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

 

А.Бублик ширек финалда испаниялық Карлос Табернермен кортқа шығады.

 

 




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 08:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31