Теннис

Australian Open турнирінде Зарина Диас бірінші айналымнан аса алмады

  • Australian Open турнирінде Зарина Диас бірінші айналымнан аса алмады

    Australian Open турнирінде Зарина Диас бірінші айналымнан аса алмады

Австралияда өтіп жатқан теннистен Australian Open турнирінде қазақстандық спортшылар ала-құла ойнауда. Екі теннисшіміз алғашқы айналымнан аса алмаса, екеуі жарысты жалғастыратын болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Әйелдер арасындағы сында ел намысын Зарина Диас, Юлия Путинцева және Ярослава Шведова қорғаса, ерлер бәсекесінде жалғыз Михаил Кукушкин бәске түсті.

Өкінішке қарай, еліміздің бірінші ракеткасы, турнирге WTA рейтингіне байланысты 52-ракетка ретінде қатысқан, 22 жастағы Зарина Диас бірінші айналымда америкалық Мэдисон Кизден жеңілді. Қарсыласына екі сетте 6:7, 1:6 есебімен есе жіберген отандасымыз жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Бүгінде 20 жастағы Мэдисон Киз әлемдік рейтингте 17-орында тұрғанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, Михаил Кукушкин де бірінші кездесуінде жеңіліс тапты. Ол португал Жоау Соузден 3:6, 4:6, 3:6 есебімен жеңілді. Қазіргі таңда Кукушкин АТР тізімінде 94-сатыда тұрса, Соуз 33-орынға табан тіреген.

Қазақстандықтар арасында алғашқы айналымда ең тәжірибелі әрі мықты қарсыласқа тап болған Юлия Путинцева еді. Өйткені, әлемнің 76-ракеткасы Юлияның «ә» дегенде 18-орында тұрған дат қызы Каролина Возняцкимен жолы түйісті. Алайда, бірінші сетте 1:6 есебімен жол берген Путинцева екінші сетте тай-брейк арқылы жеңіске жетті. Ал шешуші сетте қазақстандық 6:4 есебімен басым түсіп, сенсациялық жеңіске қол жеткізді.

Енді екінші айналымда Юлия Путинцева Қытай сенім артқан Хань Синьюньмен күш сынасады.

Сонымен қатар, Ярослава Шведова да бірінші айналымнан сүрінбей өтті. Ол алғашқы кездесуінде болгариялық Цветана Пиронкованы 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Енді екінші айналымда Ярослава Мэдисон Кизбен кездесіп, Заринаның есесін қайтарып көреді.

Еламан Қоңыр.

Дерек: egemen.kz.

Сурет: sports.ru. 




Көрілген: 998    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2016, 15:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31