Әлемге танымал теннисші төрешіге шабуыл жасап турнирден шеттетілді

23 ақпан 2022, 18:13

Неміс теннисшісі  Александр Зверев Мексиканың Акапулько қаласында өтіп жатқан турнирден шеттетілді. Ол жұптық сайыс кезінде төрешіні ракеткамен ұрып жіберді, деп жазады "Р-Спорт" порталы.

 

Жұптық сында Зверев пен бразилиялық Марсело Мело ұлыбританиялық Ллойд Гласспул мен фин Харри Хелиоваареден 2:6, 6:4, 6:10 есебімен жеңілді.

 

Осы ойыннан кейін Зверев төбешікте отырған төрешіге барып, оны ракеткамен бірнеше рет ұрып кетті.

 

 

"Жұптық сындағы ойын аяқталғаннан кейін спортшыға тән әрекет көрсетпегені үшін Зверев Акапулькадағы турнирден шеттетілді", - делінген Кәсіпқой теннис ассоциациясы таратқан ақпаратта.

 

Зверев бұл турнирде жекелей сынның екінші айналымына өткен болатын. Онда ол неміс отандасы Петер Гоевчикпен ойнау керек еді.

 

 

 

kaz.vesti.kz