Әлемнің бірінші нөмірлі ракеткасы Токио ойындарының финалына өте алмады

30 шілде 2021, 19:38

Әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі сербиялық Новак Джокович Токио Олимпиадасының ақтық ойынына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

 

Джокович жартылай финалда германиялық теннисші Александр Зверевке есе жіберді. Матч 6:1, 3:6, 1:6 есебімен аяқталды. Ойыншылар екі сағаттан аса өнер көрсетті.

 

Токио Олимпиадасының финалында Зверев ресейлік Карен Хачановқа қарсы ойнайды.