Теннис

Әлемнің ең үздік теннисшісі өзінің жеңіп алған барлық сыйлықтарын қоқысқа тастады

  • © segodnya.ua

    © segodnya.ua

Әлемнің экс-бірінші ракеткасы аталған Энди Роддиктің әйелі - Бруклин Деккер күйеуінің өзі кезінде жеңіп алған барлық сыйлықтарын қоқысқа тастауға шешім қабылдағанын мәлімдеді.


«Бізде оның тек US Open турнирінде жеңіп алған сыйлық қана қалды, қалғандарының барлығын Энди қоқыс жәшігіне тастаған. Бұл жайт мені қатты ренжітті. Ол мұндай қадамға мен қаладан бір күнге кетіп қалған кезде барған. Сый-сияпаттар ол үшін маңызды емес, олар оның жетістіктеріне қатысы жоқ, өзінің жеке менін сипаттамайды және мұндай материалдық заттар маған қажет емес деп шешкен екен. Үйде көзге түспейтін жерде олардың тағы бір-екі данасы қалған шығар деп ойлаймын», – дейді Деккер People-ға берген сұхбатында.


Естеріңізге сала кетейік, Роддик өз мансабында 32 АТР турнирін, соның ішінде US Open-2003 жеңімпазы атанған болатын. 2003 жылғы 3 қарашада Энди Роддик АТР әлемдік рейтингінде көш бастады. Ол 2012 жылы үлкен спорттағы өз мансабын аяқтады. 


reactor.inform.kz




Көрілген: 1202    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.07.2017, 17:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31