Теннис

Алматыда Денис Тенге ескерткіш тұрғызылды

  • Алматыда Денис Тенге ескерткіш тұрғызылды

    Алматыда Денис Тенге ескерткіш тұрғызылды

 Алматыда белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге мүсін орнатылды. Ескерткіш спортшы қаза тапқан жерге тұрғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.




Денис Теннің мүсіні қоладан, тұғыры граниттен жасалған. Биіктігі - 2,4 метр. Мүсін Денистің қола медаль жеңіп алған Сочи Олимпиадасының финалдық бағдарламасын орындап тұрған сәтін өрнектеп тұр. Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысына орнатылған ескерткіш - Санк-Петербург мүсіншісі Матвей Макушкиннің туындысы.



Айта кетейік, ол бұған дейін оңтүстік астанаға тағы бір еңбегін - Виктор Цой мүсінін арнаған болатын.


«Біз Оксана Алексеевнаға алғыс айтамыз, өйткені әрбір деталь, штрихына дейін соның қадағалауында болды», - дейді Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.



Ол Денис Теннің анасымен біріге спортшы туралы кітап шығарылатынын, күзде оның құрметіне турнир ұйымдастырылатынын жеткізді.





Еске сала кетейік, Денис Тен былтыр 19 маусым күні қаза тапты. Пышақтан ауыр жараланған белгілі спортшы ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған еді. Ал оны өлтірген қылмыскерлерге 17 қаңтар күні Алматыда үкім оқылды.


inform.kz




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

сенбі, 22.06.2019, 14:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31