Теннис

Америкалық теннисші Қазақстан намысын қорғауы мүмкін

  • Мария Шишкина. facebook.com

    Мария Шишкина. facebook.com

Қазақстанда дүниеге келіп, кейін ата-анасымен бірге мұхит асып АҚШ-қа көшіп кеткен теннисші Мария Шишкина алдағы уақытта Қазақстан намысын қорғауы мүмкін, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.

1998 жылы Қазақстанда дүниеге келген Шишкина жеті жасында ата-анасымен бірге АҚШ-тың Флорида штатына көшіп кеткен. Сөйтіп, сол елдің азаматтығын алған. Сегіз жасынан бастап теннисті серік еткен ару бүгінде теннис тарихында аты алтын әріптермен жазылып жүрген Андре Агасси, Джим Курье, Томми Хаас, Моника Селеш және Мария Шарапова сынды мықтыларды тәрбилеп шығарған Ник Болетьери академиясында жаттығып жүр.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын, яғни 2013 жылы бұл теннисші Қазақстан намысын қорғайды деген ақпарат шыққан болатын. Бірақ, ол кезде Мария мен Қазақстанның теннис федерациясы келісімге келе алмай, Шишкина Қазақстан азаматтығын алудан бас тартқан болатын.

Ал өткен аптада отандық спорт порталдары Мария мен еліміздің теннис федерациясы қайта келіссөздер жүргізіп жатыр деген мәлімет таратты. Тіпті кейбір порталдар 17-жастағы теннисші кеше ғана басталған «Miami Open» додасында Қазақстан атынан шығуы мүмкін деген еді. Алайда, Майамидегі турнирде Шишкина АҚШ-тың атынан қатысып, бірінші іріктеу кезеңінде неміс қызы Мария Татьянаға 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Америкалық басылымдардың пайымдауынша «екінші Мария Шарапова» деп бағаланып жүрген Мария Шишкина енді келер айда АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтетін турнирде Қазақстан намысын қорғауы мүмкін.

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 1559    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.03.2015, 11:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31