Теннис

Андрей Голубев пен Ярослава Шведова US Open турнирінде сәтті өнер көрсетуде

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Ярослава Шведова US Open турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

 

Жұптық сында "Үлкен дулыға" жарысының 15-ракеткалары болып тіркелген Андрей Голубев пен германиялық Андреас Мьес екінші айналымда босниялық Томислав Бркич – сербиялық Никола Качичпен кездесті. Қазақстандық-германиялық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Аталмыш дуэт 1 сағат 16 минутқа созылған матчта 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 1 брейкпен шектелді. А.Голубев пен А.Мьес үшінші айналымда ширек финалға шығу үшін осы турнирдің 3-ракеткалары, франциялықтар Пьер-Юг Эрбер – Николя Маюмен таласады.

 

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова аралас жұптық сында франциялық Фабрис Мартенмен ширек финалға шықты. Олар бастапқы кездесуінде доданың 7-ракеткалары, тайбэйлік Чань Хао-Чин – жаңазеландиялық Майкл Винусты 6:4, 3:6, 10:7 есебімен ұтты. Қазақстандық-франциялық жұп екінші айналымда америкалықтар Сачия Викери – Натан Пашамен күш сынасты. Бұл жолы да Шведова мен Мартен супер тай- брейкте жеңісті жұлып алды – 6:4, 4:6, 11:9. Я.Шведова мен Ф.Мартен жартылай финалға шығу үшін украиналық Даяна Ястремская – аустралиялық Макс Пёрселмен шеберлік байқасады.

 

Тағы бір қазақстандық Галина Воскобоева сербиялық Никола Качичпен бірге бастапқы кездесуінде хорватиялық Дарья Юрак пен нидерландылық Матве Миддлкопты 6:2, 3:6, 10:8 есебімен жеңді. Дегенмен екінші айналымда доданың 3- ракеткалары, чилилік Алекса Гуарачи – ұлыбританиялық Нил Скупскиге 7:6 (7:4), 1:6, 8:10 есебімен жол беріп, ширек финалға өте алмай қалды.

 

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 19:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31