Astana Open: Зарина Дияс екінші айналымға өтті

28 қыркүйек 2021, 22:29

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан WTA Astana Open 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

 

Жарысты бірінші кезеңнен бастаған теннисшіміз Зарина Диас келесі кезеңге өтті. Алғашқы айналымда оның қарсыласы 19 жастағы ресейлік Анастасия Захарова болды. Шамамамен 3 сағатқа жалғасқан бұл кездесуде Дияс 2:1 есебімен басым түсті.

 

Ойынның бірінші кезеңін қазақстандық теннисшісі тай-брейкте 7:6 есебімен жеңді. Бірақ екінші кезеңде ресейлік теннисшінің қарқыны мықты болды. Ол 9 гейм барысында брейк істеп, партияны 6:4 есебімен аяқтады. Сөйтіп, теннисшілер матчтың жеңімпазын үшінші сетте анықтады. Шешуші кезең барысында Заринаны көрермендер керемет қолдады. Жанкүйерлерінің қолдауынан жігерленген отандасымыз 11 гейм барысында брекке қол жеткізді. Ал 12 геймде Дияс тек үшінші матч болды сәтті пайдаланып, ойынға нүкте қойды.

 

Енді турнирдің 8/1 финалында Дияс беларусь қызы Вера Лапкоға қарсы кездесу өткізеді.