Теннис

Атақты теннисші үйін анасымен бірге сатпақ

  • ©Сурет интернеттен алынды

    ©Сурет интернеттен алынды

Экс-спортшы өзінің туған қаласындағы котеджін 2 миллион евроға сатпақшы. Үйдің ауданы &ndash 449 шаршы метр, ал аумағы &ndash 825 шаршы метр.

 

Бірақ ол үйін анасымен бірге сатуды меңзеп отыр. Өйткені баспананы алған адам оны үйден шығаруға құқылы емес.

 

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, неміс теннисшісі Борис Беккердің анасы Эльвира Беккер &ndash 85 жаста.

 

Негізі бұл үй &ndash теннисшінің осыдан үш жыл бұрынғы банкроттық туралы істе жарияланған мүліктердің қатарында көрсетілмеген. Тіпті тергеушілер Беккердің Лондон мен Германияда бизнесі, банктік шоттарда және бірнеше жылжымайтын мүлкі бар деп санайды. Егер ол дәлелденсе, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда мұны жоққа шығарып отыр.

 

Борис Беккер &ndash «Үлкен шлем» ойынының алты дүркін чемпионы. Ол 17 жасында Уимблдонның ең жас жеңімпазы атанған.

 

aikyn.kz




Көрілген: 1338    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 02:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31