Елена Рыбакина AUSTRALIAN OPEN-2023 турнирінің жартылай финалына шықты. Қазақстандық теннисші латвиялық Елена Остапенконың осал тұсын тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Алғашқы сетта жерлесіміз 3:1 есебімен алға шыққан. Одан соң ауа райына байланысты матчта үзіліс жарияланды.
Жерлесімізге жаңбыр да кедергі келтірмеді. Үзілістен кейін кортқа оралған Рыбакина,.. қарқынын үдете түсіп, алғашқы партияны өз пайдасына шешті. Есеп 6:2.
Екінші сетта да Қазақстандық теннисшінің басымдығы байқалды. Елена 6:4 есебімен жеңіске жетіп, кездесуді екі партияда аяқтады.
Рыбакина спорттық мансабында алғаш рет Австралия ашық біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды. Енді ол Джессика Пегула - Виктория Азаренко жұбының жеңімпазымен финалдық жолдаманы сарапқа салады.
Былтыр Елена Уимблдонда топ жарғаны белгілі. Сондықтан Қазақстандық теннисшінің үлкен шлем жарыстарындағы тәжірибесі бар.