Бублик Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты

24 қыркүйек 2022, 17:32

Александр Бублик Францияның Метц қаласында өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бублик ширек финалда норвегиялық Хольгер Рунды 6:3, 5:7, 6:4 есебімен ұтқан еді. Тартысты ойын 1 сағат 59 минутқа жалғасты.

 

Енді жартылай финалда отандасымыз швейцариялық Станислас Вавринкамен кездеседі.