Бублик пен Рыбакина әлемдік рейтингтегі орындарын сақтап қалды

03 тамыз 2021, 14:00

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингті жаңартты деп жазады Olympic.kz.

 

Қазақстан командасының үздігі Александр Бублик 39-шы орнын сақтап қалды. Михаил Кукушкин бес сатыға сырғып, 132-ші орынға тұрақтады.

 

Ерлер арасында Новак Джокович (Сербия)  көш бастап тұр. Екінші орында ресейлік Даниил Медведев, үшінші сатыда испандық Рафаэль Надаль.

 

Әйелдер командасының үздігі Елена Рыбакина 20-шы орында. Юлия Путинцева 35-ші сатыға оралса, Зарина Дияс ТОП-100 қатарынан шығып қалды.

 

Рейтингте австралиялық Эшли Барти көш бастап тұр. Екінші орында жапониялық Наоми Осака, үшінші сатыда Беларусь өкілі Арина Соболенко орналасқан.

 

 

 

baq.kz