Теннис

Денис Тен жарақатына қарамастан, жарысты қалай өткізгенін айтты

  • Денис Тен жарақатына қарамастан, жарысты қалай өткізгенін айтты

    Денис Тен жарақатына қарамастан, жарысты қалай өткізгенін айтты

 Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочидегі Олимпиада жүлдегері Денис Тен әлеуметтік желіде жанкүйерлерімен ауырып тұрғанына қарамастан, халықаралық жарысқа қалай қатысқаны жайлы бөлісті.


«Неге қатты ауырып тұр?» – деп ойладым да таңертең мұздан шығып кеттім. Киім шешетін орынға ақсаңдап әрең жеттім.


– Кешке жарысқа қалай шығасың?

– Бірдеңе қылармын.

Сөйтіп Люксембургке келдім. Жарысқа шықтым. Қысқа бағдарламадан кейін алға шықтым. Ерікті жарысқа шығасың ба деп сұрады.

– Иә.

– Қалай? – деп уайымдады анам.


– Бәрі жақсы болады», – деп жазды Денис әлеуметтік желіге.


Атап айтсақ, қазіргі уақытта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Люксембургте Сoupe du Рrintemps турниріне қатысуда. Қысқа бағдарламадан кейін Денис 86.95 балл алып, бірінші орынға шықты.


Спортшы АҚШ-та Бостонда 28 наурыз – 3 сәуір аралығында өтетін әлем чемпионатының алдында жаңа бағдарламасын пысықтауда.


Еске салсақ, Денис жарақаты салдарынан ақпанда төрт құрылық чемпионатына қатыса алмады. Бұдан бұрын ол өз жанкүйерлерін денсаулығына алаңдап, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Бостонда әлем біріншілігінде Қазақстан атынан міндетті түрде шығуға уәде берген.


Қазақпарат




Көрілген: 1930    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.03.2016, 12:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30