Теннис

Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы Италия теннисшілерін жеңді

  • Фото daviscup.com сайтынан

    Фото daviscup.com сайтынан

  • Фото daviscup.com сайтынан

    Фото daviscup.com сайтынан

Теннистен Дэвис кубогының 1/8 финалы аясында Қазақстан құрамасы Астанада Италия құрамасын қабылдап, үш күнге созылған өте тартысты кездесуде 3:2 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты, деп жазады "Алаш айнасы".


Бұл Дэвис кубогының әлемдік, яғни ең жоғарғы тобындағы дода болатын. Италия құрамасы әлемдік рейтингте Қазақстан құрамасынан жоғары орналасқан команда еді.


Әрі олардың Астанаға келген үш тенисшісі дүниежүзілік ATP рейтингісінде алғашқы елулікке кіретін тәжірибелі спортшылар болатын: Фоньини (22-ракетка), Сеппи (35-ракетка), Болелли (49-ракетка).


Ал біздің елдің намысын қорғаған тенисшілер аталған рейтингте олардан төмен орналасқан: Кукушкин (58-ракетка), Голубев (91-ракетка), Недовесов (130-ракетка).


Әйтсе де, Диас Досқараев жетекшілік ететін Қазақстан құрамасы ұжымдық бірлігімен кез-келген қарымды команданы жеңе алатындығын тағы да көрсетті. Құрама сапындағы жігітер жанкештілік танытып, айбынды қарсыластарын 3:2 есебімен жеңіп кетті.


Бірінші күнгі дода тең аяқталды. Михаил Кукушкин ұтып, Андрей Голубев ұтылып қалды. Екінші күнгі жұптасып ойнауда Италия тениисшілері басым түсті.


Осы ретте айта кетейік, Италияның бұл жұбы биыл Australian Open турнирінің жұптасып ойнау додасында жеңімпаз атанған болатын. Осылай қонақтар жалпы есепте алға шықты.


Алайда үшінші күнгі екі кездесуде де Қазақстан құрамасының теннисшілері жанкештілік танытып, әйгілі қарсыластырын ұтып, жеңісті жұлып алды.


Дэвис кубогы. 1/8 финалы. Астана

Қазақстан – Италия – 3:2


І-күн

Михаил Кукушкин – Симоне Болелли – 7:6(6), 6:1, 6:2.

Андрей Голубев – Андреас Сеппи – 3:6, 3:6, 7:6 (5), 2:6.

ІІ-күн

Андрей Голубев және Александр Недовесов – Фабио Фоньини және Симоне Болелли – 6:7(4), 3:6, 7:6(13), 4:6

ІІІ-күн

Михаил Кукушкин – Андреас Сеппи – 7:6(8), 6:0, 6:4

Александр Недовесов – Фабио Фоньини – 7:6(5), 3:6, 4:6, 6:3, 7:5


Енді Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының ширек финалында, түзде Австралия теннисшілерімен кездеседі. Олар аталған кубоктың 1/8 финалында Чехия құрамасынан басым түскен болатын (3:2 есебімен).


 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1652    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.03.2015, 12:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30