Теннис

Елена Рыбакина Берлин турнирінің екінші айналымына шықты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Берлин WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 46-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерспен өткізді.

 

Бірінші партияда америкалық спортшы басымдылық көрсетті – 6:2.

 

Екіншісінде Е.Рыбакина есе қайырды – 6:3.

 

Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды – 6:4.

 

Матч барысында қарсыластар екі брейктен жасады. Е.Рыбакина 9 рет эйсқа қол жеткізсе, Ш.Роджерс үшеумен шектелді. Тартысты бәсеке 1 сағат 44 минутқа созылды.

 

Е.Рыбакина жүлде қоры 456 мың еуродан асатын жарыстың екінші айналымында әлемнің 13-інші, осы доданың 6-ракеткасы, испаниялық Гарбинье Мугуруса немесе рейтингте 45-орында тұрған румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен шеберлік байқасады.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Алматы турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ Александр Бублик Лондон турнирін жеңіспен бастады.

 




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 21:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31