Теннис

Елена Рыбакина Истбурн турнирінің финалына шыға алмады

  • https://news.sportbox.ru/

    https://news.sportbox.ru/

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Истбурн (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінің финалына шыға алмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Рыбакина жартылай финалда 2017 жылғы Ролан Гаррос турнирінің жеңімпазы, латвиялық, әлемнің 43-ракеткасы Елена Остапенкомен шеберлік байқасты.

 

Латвиялық теннисші 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

 

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта Е.Остапенко 3 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды.

 

Қазақстандық спортшы 6 эйске қол жеткізгенімен, 9 брейк-пойнттың екеуін ғана өз есебіне жазды.

 

Е.Остапенко финалда әлемнің 27-ракеткасы, эстониялық Анетт Контавейтпен бас жүлдені сарапқа салады.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстаннан тағы екі теннисші Токио Олимпиадасына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

 

 




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

жұма, 25.06.2021, 23:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31