Елена Рыбакина Мадрид турнирін жеңіспен бастады

29 сәуір 2022, 17:24

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Жүлде қоры 6,5 млн еуродан асатын ірі жарыстың 16-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған франциялық Осеан Доденмен шеберлік байқасты.

 

Бірінші партияда Елена екі брейк жасап, айқын басымдылық көрсетті - 6:2.

Тартысты өрбіген екінші сет те Рыбакинаның пайдасына шешілді - 7:5.

 

Бір сағат 20 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 12 эйс жасап, 7 брейк-пойнтттың бесеуін өз есебіне жазды.

 

Франциялық спортшы 4 эйс, 2 брейкпен шектелді.

 

Е.Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 51-ракеткасы, чехиялық Катерина Синякова немесе рейтингте 66-сатыдағы хорватиялық Ана Конюхтың біреуімен таласады.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Мадрид турнирінің екінші айналымына шыққанын, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ӘЧ іріктеу сайысында үшінші орынға таласатынын жазған болатынбыз.