Теннис

Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 16-ыншы, осы айтулы доданың 15-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен кортқа шықты.

 

Қазақстандық теннисші екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 15 минутқа созылған матчта қарсыластар 4 реттен эйс жасады. Е.Рыбакина 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

 

Ал Э.Мертенс сондай екі мүмкіндікті мүлт жіберді. Е.Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко немесе рейтингте 31-сатыда тұрған испаниялық Паула Бадосаның біреуімен таласады.

 

Ал Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Цинциннатиде ерлер арасында өтіп жатқан мастерс турнирінің екінші айналымынан аса алмады.

 

Ол әлемнің 21-ракеткасы, болгариялық Григор Димитровқа 3:6, 5:7 есебімен есе жіберді. 1 сағат 23 минутқа созылған бәсекеде Димитров 8 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

 

Бублик 9 эйс, 1 брейкке қол жеткізді.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Цинциннати турнирін жеңіспен бастағанын, Александр Бубликтің сол мастерс жарысының екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің екінші айналымына өтті. Зарина Дияс Чикаго турнирін жеңіспен бастады.

 

 




Көрілген: 611    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.08.2021, 00:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31