Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елена Рыбакинаның Истборн турниріндегі қарсыласы белгілі болды

26 маусым 2023, 09:25

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакинаның Истборн (Ұлыбритания) WTA 500 турниріндегі қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Ұлыбритания ашық чемпионаты (Уимблдон) қарсаңында өтетін жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген.

 

Е.Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, дүниежүзілік рейтингте 75-орында тұрған қытайлық Сю Ванмен шеберлік байқасады.

 

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева іріктеу сайысында ұлыбританиялық Хитер Уотсонға жол берді.

 

Жүлде қоры 780 637 АҚШ долларына бағаланған Истбурн додасы 26 маусым – 1 шілде аралығында өтеді.

 

Өткен жылы бұл жарыста Е.Рыбакина екінші, Ю.Путинцева үшінші айналымнан аса алмаған еді.