Қазақстандық Александр Бубулик карьерасында АТР рейтингінде 38 орынға көтерілді

17 мамыр 2021, 18:44

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик карьерасында алғаш рет АТР рейтингінде 38-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Жаңа рейтинг бүгін, 17 мамырда жарияланды. Александр екі апта бұрын 40-шы орында болған, осылайша, ол одан бері екі саты жоғарлап отыр.

 

Рейтинг көшбасшысы Новак Джокович, екінші орында Даниил Медведев, ал үшінші - испаниялық Рафаэль Надаль.

 

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин үш саты жоғарлап, топ-100 тізімде тұр.