Қазақстандық екі теннисші WTA турнирінде бір-біріне қарсылас атанды

07 қазан 2021, 09:58

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Әйелдер арасындағы жекелей сынның бірінші айналымында ол германиялық Андреа Петковичті 7:6 (7:2), 6:1 есебімен ұтты.

 

Путинцеваның келесі қарсыласы Қазақстан құрамасының өзге ойыншысы - елдің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина болады. Ол турнирді бірден екінші айналымнан бастайды. Бұл ойын 9 қазанда өтеді.