Теннис

Қазақстандық тағы екі теннисші Токио Олимпиадасына жолдама алды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстаннан тағы екі теннисші Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Халықаралық теннис федерациясы осы қос теннисшінің Олимпиадаға қатысатынын ресми түрде мәлімдеді.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстаннан Олимпиадаға қатысатын теннисшілер анықталғанын жазған болатынбыз.

 

Бұл Александр Бублик, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева үшін алғашқы Олимпиада болса, Ярослава Шведова үшінші рет бармақшы.

 

Осылайша Токиоға алты бірдей теннисшіміз аттанғалы отыр.

 

Бұдан бұрынғы Олимпиадаларда қазақстандық теннисшілер төрт жолдамадан артық иеленіп көрген жоқ еді.

 

Теннисшілердің жекелей не жұптық сында өнер көрсететіні дүбірлі дода жақындағанда шешіледі.

 

 




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

жұма, 25.06.2021, 18:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31