Теннис

Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

  • Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

    Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық Тимофей Скатов Перуджа (Италия) турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 325-орында тұрған Т.Скатов ширек финалда әлемнің 301-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен кездесті.

Аса тартысты өткен матчта қазақстандық теннисші 7:6 (8:6), 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Үш сағатқа жуық созылған бәсеке барысында хорватиялық спортшы 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып, 9 эйс жасады. Т.Скатов эйс те, брейк те жасай алмады.

Дегенмен жарысты іріктеу сайыстарынан бастап, ширек финалға жетуін 20 жастағы Т.Скатовтың табысы деп бағалауға болады.

Нино Сердарушич финалға шығу үшін рейтингте өзінен екі саты төмен тұрған украиналық Виталий Сачкомен таласады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Италиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ қазақстандық жас теннисші елорда турнирінің жартылай финалына шықты.




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 23:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31