Теннис

Қазақстандық теннисші Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Монреаль WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге ширек финалда норвегиялық Ульрикке Эйкери – америкалық Кэтрин Харрисонмен кездесті.

 

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:0, 6:2 есебімен ойсырата ұтты.

 

Бәсеке 56 минутқа созылды. Матч барысында Е.Рыбакина мен В.Кудерметова 3 эйс, 5 брейкке қол жеткізді.

 

Норвегиялық-америкалық жұп бірде-бір рет эйс не брейк жасай алған жоқ.

 

Қазақстандық-ресейлік жұп финалға шығу үшін канадалық Габриэла Дабровски – бразилиялық Луиза Стефанимен таласады.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Прагадағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

 

 

 




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

сенбі, 14.08.2021, 11:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31