Теннис

Қазақстандық теннисші Прагадағы турнирдің финалына шықты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстандық Дмитрий Попко Прагадағы челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, дүниежүзілік рейтингте 181-орында тұрған, осы жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген Д.Попко жартылай финалда аргентиналық Факунда Менамен шеберлік байқасты.

 

Қазақстандық теннисші 1 сағат 16 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен айқын басымдылықпен ұтты. Д.Попко ойын барысында 4 эйс, 5 брейкке қол жеткізді. Ф.Мена бір ғана брейкпен шектелді.

 

«Бүгін жақсы доп беріп, тез қимылдадым. Бұл маған жеңіске жетуіме мүмкіндік берді. Ертең чехиялық теннисшімен өтетін финалдық бәсеке оңайға түспейді. Өйткені ол топырақ төсенішінде керемет ойнайды, корт та жақсы таныс. Дегенмен мен де бар күшімді салатын боламын», деді Д.Попко.

 

Осылайша қазақстандық теннисші спорттық жолында екінші рет челленджер додасының финалына шығып отыр. Д.Попко финалда чехиялық Далибор Сврчинамен бас жүлдені сарапқа салады.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Прагадағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Е.Рыбакина жұптық сында Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты.

 

 




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

сенбі, 14.08.2021, 21:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31