Теннис

Қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

  • Қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

    Қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

10 шілдеде Ұлттық теннис орталығының орталық ашық кортында Kerey Challenger 80 жарысының жеке және жұптық сайыстарының ресми жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандықтар арасында алғаш болып електен өткен Денис Евсеев Босния және Герцеговина теннисшісі Мирза Басичпен ойнайды. Ұйымдастырушылар тарапынан wild card-қа ие болған қазақстандықтардың қарсыластары да белгілі болды. Григорий Ломакин бастапқы ойында канадалық Петр Поланскимен кездеседі. Достанбек Ташбулатов австралиялық Джейсон Кублердің арынын басуға тырысса, Бейбіт Жұқаев америкалық Ник Чаппеллге қарсы ойын өткізеді.

Сондай-ақ, жұптық сында жеребе тастау нәтижелері белгілі болды. Достанбек Ташбулатов пен Тимур Хабибулин ресейліктер Андрей Кузнецовқа/Роман Сафиуллинге қарсы ойнайды. Денис Евсеев Ресей өкілі Евгений Карловскимен жұптасып, бірінші раундта украиналық Владислав Манафовпен және ресейлік Павел Котовпен ойнайды. Григорий Ломакин мен ресейлік Артем Дубринді қиын сынақ күтіп тұр. Олар турнирдің бірінші айналымында канадалық Петр Поланскимен және украиналық Сергей Стаховскимен кездеседі.

Baq.kz




Көрілген: 533    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.07.2021, 11:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31