Теннис

Қызылордалық жас теннисші АҚШ-ты таң қалдырды

  • © ftf.kz

    © ftf.kz

Жас қазақстандық теннисші өз жеңістерімен АҚШ-ты таң қалдырды. 8 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны Жақас Қозбақ Флорида штатында өткен халықаралық теннис турнирінде жеңіске жетіп, енді Нью-Йорк қаласындағы бәсекеде оза шауып жүр. Дүбірлі доданың ұйымдастырушылары жас спортшының ойын өрнегі әлемге әйгілі теннисшілерге ұқсайтынын аңғарды. «Литл Мо» халықаралық балалар сайысы. Нью-Йорк қаласында осымен 35-жыл қатарынан өткізіліп келеді. Балғындар арасындағы дода атақты америкалық теннисші Морин Коннолидің рухына бағышталған. Ол – 1953 жылы Үлкен дулыға турнирінде бәрінен оза шауып, жеңіске жеткен алғашқы әйел адам. Морин 17 жасында Уимблдон бәсекесінде де биіктен көрініп, қарсыластарын ұтып шыққан. Оның соққылары мықты әрі дәл болатын. Сол кезде оны журналистер «Литл Мо» деп атап кетсе керек. Алайда жас қыз салт атпен жүру кезінде жазатайым оқиғаға тап болып, 21 жасында спорттан кетуге мәжбүр болады. Ал 34 жасында обыр ауруына шалдығып, дүние салады. Бүгінде Морин Коннолидің ұрпағы спорттың бұл түрін дамытып, жаңа чемпиондарды анықтап жатыр. «Литл Мо» кортында Қазақстаннан тұңғыш болып 8 жасар теннисшісі Жақас Қозбақ өнерін көрсетті. Қызылорда облысындағы Арал қаласының тұрғыны Флорида штатындағы өткен халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көрініп, енді, міне, Нью-Йорктегі алаңда өз мүмкіндіктерін паш етуде. Жақас Қозбақ, халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы: - Соққыларым мен доп берісім мықты болғандықтан жеңім отырмын. Мен үшін теннистен артық спорт жоқ. Қарсыластарымның менен сескенгенін қалаймын. Есейгенде, «Роллан Гаросс», US Open, «Уимблдон» турнирлерінің Үлкен дулығасын жеңуді армандаймын. Ата-анамды, Қазақстанды және бүкіл әлемді өз өнеріммен қуантқым келеді. Жазғы демалыс уақытында Жақас АҚШ-тағы «Эверт» теннис академиясында жаттықты. Ал Нью-Йорктегі турнирдің ұйымдастырушылары қазақстандықтың ойын өрнегі әйгілі теннис жұлдыздарына ұқсайтынын аңғарды. Синди Бринкер-Симмонс, Морин Коннолидің қызы, турнир ұйымдастырушысы: - Мен болашақ жұлдыздың қасында тұрмын. Ол – Қазақстаннан келген 8 жасар Жақас. Бұл бала менің анамды еске салды. Өйткені менің де анашым 10 жасынан бастап дүбірлі додаларға қатысып, мықты соққыларымен ерекшеленетін. Бүгінгі турнирде әр түрлі елден келген 8 бен 12 жас аралығындағы балалар өз өнерін көрсетіп жатыр. Олардың көпшілігі келешек теннис жұлдыздары. Балалар арасындағы бәсеке US Open турнирі қарсаңында өтіп жатқанын айтып кеткен жөн. Кім біледі, болашақта Жақас та бұл дүбірлі доданың жеңімпазы атанатын шығар.


24.kz




Көрілген: 1629    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.09.2015, 19:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30