Теннис

Мария Шарапова допинг-сынақтан өтпей қалды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ресейлік теннисші Мария Шарапова қаңтар айында, Австралияда өткен «Үлкен дулыға» турнирі кезінде допинг-сынақтан өтпей қалғанын мойындады.


Лос-Анджелесте өткен шұғыл баспасөз мәслихаты кезінде ол соңғы 10 жыл бойы отбасылық дәрігері жазып берген «мильдронат» дәрісін қолданып келе жатқанын айтты. Биылға дейін бұл дәріге Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) тарапынан ешқандай шектеу болмаған.


Жақында Халықаралық теннис федерациясы жолдаған хатта мильдронат (оны мельдоний деп те атайды) 2016 жылдан бастап тыйым салынған дәрі-дәрмектердің қатарына енгені хабарланған. Соның салдарынан теннисшінің допинг-сынамасы кері нәтиже көрсеткен.


Шарапова алдын ала 12 наурыздан бастап мәселенің мән-жайы анықталғанға дейін ойыннан шектелді, деп жазады Би-би-си.

 ҚазАқпарат




Көрілген: 1600    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.03.2016, 10:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31