Теннис

Мария Шарапова допинг үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ресейлік теннисші Мария Шарапова допингіге қарсы ережені бұзғаны үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық тенис федерациясының (ITF) ресми сайтында хабарланды.


Наурыз айының басында Шарапова 2016 жылғы Австралия ашық чемпионаты кезінде алынған допинг-сынамасынан мельдоний табылғанын хабарлады. Ол 2016 жылдың 1 қаңтарынан Бүкіләлемдік допингіге қарсы агенттік тыйым салынған затқа жатады. Ресейлік алдын ала 12 наурызға дейін жарыстардан шеттетілген болатын, деп жазады ТАСС.


.«ITF тәуелсіз трибуналы Шарапова допингіге қарсы ережелері бұзғанын анықтады, ол 2016 жылғы 26 қаңтардан бастап екі жылға біліктілігінен айырылды», - делінген хабарламада. Сөйтіп, 2018 жылғы 25 қаңтар ресейлік теннисшінің біліктілігінен айырылуының соңғы күні болмақ.


18-19 мамыр күндері екі күндік тыңдаулар өтті, ITF тәуелсіз трибуналы екі тараптың да дәлелдерін алды және заңдық дәйектерін тыңдады, қорытындысында бұл іс бойынша шешім қабылдады. Шарапованың Астралия ашық чемпионатындағы нәтижелері (спортшы ширек финалда американдық Серена Уильямстан ұтылды - ТАСС-тың ескертпесі) жойылады. Теннисші турнирде тапқан жүлделік қаражаттарды қайтаруы тиіс, одан рейтингілік ұпайлар да алынып тасталады. ІТҒ регламенті бойынша, Шараповада шешімді даулауға 21 күні бар.


Спортшы Лозаннадағы Спорттық төрелік сотында ІТҒ шешіміне шағымданбақ.


29 жастағы Шарапова «Үлкен дулыға» сериясы турнирлерінің бес мәрте жеңімпазы, оның есебінде Федерация Кубогындағы жеңіс және Лондондағы олимпиадалық ойындардың күміс медалі бар. Жалпы алғанда, спортшы Әйелдер теннис қауымдастығының 38 турнирінде жеңіске жетті.  


ҚазАқпарат




Көрілген: 1335    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.06.2016, 09:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31