Новак Джокович АҚШ жерінде өтетін АТР турнирлерінен шеттетілді

10 наурыз 2022, 18:33

"Үлкен дулыға" турнирлерінің 20 дүркін чемпионы, әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі сербиялық Новак Джокович Индиан-Уэллс пен Майамидегі турнирлерге қатыспайтынын хабарлады. Екпе алудан бас тартқан теннисші АҚШ жеріне кіруге виза ала алмай қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kaz.vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Мені Индиан-Уэллс пен Майамидегі турнирдің ұйымдастырушылары қатысушылардың қатарына қосқанымен, ол жарыстарға қатысуым екіталай екенін білдім. CDC (АҚШ-тың профилактикаға қарсы орталығы) ереженің өзгермейтінін айтты. Сол үшін мен АҚШ жерінде ойнай алмаймын. Бәсегеке қатысушыларға сәттілік тілеймін", - деп жазды Джокович твиттер парақшасында.

 

Еске салайық, Джокович екпе алмауына байланысты жыл басында Аустралияның ашық чемпионатына да қатыса алмай қалған болатын.