"Үлкен дулыға" турнирлерінің 21 дүркін чемпионы Новак Джокович Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың арнайы шақыруымен Астанадағы АТР 500 турниріне қатысады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Қазірдің өзінде Astana Open турниріне Карлос Алькарас (№1 АТР), Даниил Медведев (№4 АТР), Марин Чилич (№16 АТР), Станислас Вавринка (WC) және Энди Маррей (WC) сынды "Үлкен дулыға" жеңімпаздары келетіндерін растады.
Сонымен қатар, Стефанос Циципас (№6 АТР), Андрей Рублев (№9 АТР), Хуберт Хуркач (№10 АТР), Янник Синнер (№11 АТР), Феликс Оже-Альяссим(№13 АТР), Диего Шварцман (№17 АТР), Карен Хачанов (№18 АТР), Роберто Баутиста Агут (№21 АТР), Григор Димитров (№23 АТР), Гаэль Монфис (№32 АТР) сынды танымал теннисшілер елорда корттарында жүлделі орындарды сарапқа салады.