Теннис

Новак Джокович "Спорттағы Оскар" сыйлығын жеңіп алды

  • twitter.com

    twitter.com

Спортшылар арасында бір тамаша дәстүр бар. Әр жылдың қорытындысы бойынша осы саладағы үздіктер анықталып, олар арнайы сыйлыққа ие болады. Бұл сыйлық «Спорттық Оскар» деп аталады. Биыл бұл жүлдені себриялық теннисші Новак Джокович жеңіп алды, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы шет елдік басылымдарға сілтеме жасап.

Кеше, яғни 15-сәуір күні Қытайдың Шанхай қаласында қаласында Laureus Sports Awards немесе Спорттық Оскар - 2014 сыйлықтарының иегерлері анықталды. Арнайы ұйымдастырылған сауалнаманың қорытындысы бойынша, сербиялық саңлақ Новак Джокович ерлер арасындағы, эфиопиялық жеңіл атлет Гензебе Дибаба қыз-келіншектер арасында үздік спортшы атанса, футболдан Германия құрамасы жылдың үздік командасы атағын жеңіп алды.

2000-жылдан бері беріліп келе жатқан бұл сыйлықтың тарихына көз жүгіртетін болсақ ерлер арасында бұған дейін жылдың ең үздік спортшысы деген атақты теннисші Роджер Федерер төрт мәрте (2005, 2006, 2007, 2008), жеңіл атлет Усэйн Болт (2009, 2010, 2013) үш рет, гольфшы Тайгер Вудс (2000, 2001) пен автожүргізуші Михаэль Шумахер (2002, 2004) екі рет, теннисші Рафаэль Надаль (2011), автожүргізугі Себастьян Феттель (2014) және Новак Джокович (2012) бір-бір реттен жеңіп алғанын көреміз. Негізі 2003 жылы аталмыш жүлдені велошабандоз Ленс Армстронг жеңіп алған еді. Кейіннен оның басы допинг дауына ұшығаран соң ұйымдастырушылар америкалық спортшыдан бұл жүлдені кері қайтарып алған.

Биыл ерлер арасындағы үздік спортшылардың қатарында бір ғана теннисші – Новак Джококвич болды. Сербиялық теннисшіден бөлек 2014 жылдың ең үздік ер спортшысы атағына автожүргізуші Льюис Хэмилтон, футболшы Криштиану Роналду, француздық жеңіл атлет Рено Лавильени, британдық гольфшы Рори Макелрой және испаниялық мотожүргізуші Марк Маркес үміткер болған еді. Бірақ, спорттағы аты аңызға айналған мамандар мен білікті бапкерлердің дауыс беру қорытындысы бойынша ерлер арасындағы «Спорттық Оскар - 2014» сыйлығын Джокович жеңіп алды.

Қыз-келіншектер арасында жеңіл атлет Гензебе Дибабе үздік атанды. Эфиопиялық аруды жанкүйер қауым жақсы тани бермейді. Ол жыл басында 1500 метр, 3000 метр, және екі шақырымға жүгіруден рекорд орнатқан. Мамандар қыз-келіншектер арасында сирек кездесетін бұл көрсеткіш үшін Гензебені үздік деп таңдапты. Бұл атаққа Дибабе теннисшілер – Ли На мен Серена Уильямс, шаңғышы Марит Бьорген, тау шаңғышысы Тина Мазе, ядро серпуші Валери Адамспен таласқан болатын.

Орай түскенде айта кетейік, қыз-келіншектер арасында бұған дейін «Спорттық Оскар» сыйлығын теннисші Серена Уильямс (2003, 2010) пен жеңіл атлет Елена Исинбаева (2007, 2009) екі реттен, жеңіл атлеттер - Кэти Фримен (2001), Келли Холмс (2002), Вивиан Черуйот (2012), Джессика Эннис (2013), теннисшілер - Дженнифер Каприати (2002), Жюстин Энен (2008), гольфшы Анника Сёренстам (2004), тау шаңғышылары - Яница Костелич (2006), Линдси Вонн (2001) және жүзгіш Мисси Франклин (2014) бір реттен жеңіп алған.

Ал өткен жылдың ең үздік командасы атағы Бразилияда өткен футболдан әлем біріншілігінде топ жарған Германия футбол құрамасына бұйырды. «Неміс машинасынан» бөлек бұл атаққа Мадридтің «Реалы», «Сан-Антонио Сперс» (бас­кетбол), «Мерседес» (Формула-1) және теннистен Швейцария құрамасы үміткер болған еді.

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 989    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.04.2015, 09:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31