Новак Джоковичке айыппұл салынды

18 шілде 2023, 09:40

Сербиялық теннисші Новак Джоковичке Уимблдонның финалындық матчындағы әрекеті үшін 8 мың доллар айыппұл салынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Газета.RU журналист Майк Диксонға сілтеме жасап жазды.

 

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас бесінші сетте брейк жасады. Осыдан кейін есеп 3:1 болып, Алькарас алға шықты, осы кезде Джокович ракеткасын тордың тіреуіне соғып, оған із қалдырған.

 

Бұл әрекеті үшін сербиялық спортшы матчтың төрешісінен ескерту алды.

 

Оның ракеткасы жарамсыз болып қалды.

 

Матч 1:6, 7:6, 6:1, 3:6, 6:4 есебімен испаниялық теннисшінің жеңісімен аяқталды.

 

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингінде Алькарас 1, ал Джокович 2-орында тұр. Үздік үштікті ресейлік Даниил Медведев түйіндеді.

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz