Теннис

Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

  • Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

    Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

Юлия Путинцева спорт жолында алғашқы рет Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды, деп хабарлады Vesti.kz.

Бұл туралы Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өз рейтингін жаңартқаннан кейін белгілі болды.

Теннис бойынша Австралияның Ашық чемпионатында сәтті ойын көрсетуінің арқасында 21 жастағы Путинцева 16 сатыға көтеріліп, WTA рейтингінде 64-ші орынға табан тіреді. Бұл - WTA рейтингінде Путинцева үшін үздік көрсеткіш. Бұрын ол 70-ші сатыдан жоғары көтерілмеген.


Қазақстанның бірінші ракеткасы болған Зарина Диас 12 сатыға төмен түсіп, рейтингте 69-шы орында. Тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Аustralian Open-нен кейін 70-тен 83-ші сатыға төмендеді.


Рейтингте америкалық теннисші Серена Уильямс көшбасшылықты сақтап қалды. Финалда 6:4, 3:6, 6:4 есебімен Серена Уильямсты жеңген Australian Open жеңімпазы неміс теннисшісі Ангелика Кербер алты орынға көтеріліп, екінші орынға жайғасты. Үшінші жолда румындық Симона Халеп тұр. 


inform.kz/kaz/article/2865991




Көрілген: 1026    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.02.2016, 12:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30