Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

23 қаңтар 2023, 18:49

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралиядағы 2023 жылғы ашық чемпионаттың 1/8 финалында әлемнің нөмірі бірінші теннисшісі Ига Швентекті жеңді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Отандасымыз Польшадан келген әлемнің ең үздік теннисшісімен төртінші айналымда жолықты. Бұл кездесуде мамандар мен жанкүйерлер Швентекті фаворит санаған. Бірақ қазақстандық мәселені екі сетте шешті. Қорытынды есеп — 6:4, 6:4.

 

Енді ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің жетінші ракеткасы, америкалық Кори Гауфф пен рейтингте 17-сатыдағы латвиялық Елена Остапенконың арасындағы жеңімпазбен жолығады.

 

Рыбакина бұған дейін Даниэль Коллинз (АҚШ), Кайя Юван (Словения), Элизабетта Коччаретто (Италия) секілді спортшыларды жеңген.