Рыбакина Монреальдағы турнирдің үшінші айналымына шықты

10 тамыз 2023, 10:50

Монреальда өтіп жатқан ауыр турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина америкалық Дженнифер Брэйдиді жеңді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Теннис федерациясының мәліметінше, ойын 6:7 (3:7), 7:6 (7:5), 6:3 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

 

Кездесу 2 сағат 36 минутқа созылды.

 

Канададағы жарыстың үшінші кезеңінде Елена тағы бір америкалық Слоан Стивенспен (әлемнің 38-ракеткасы) ойнайды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz