Теннис

Рыбакина Цинциннати турнирінің екінші айналымына өтті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы, Токио Олимпиадасының жартылай финалисі Елена Рыбакина Цинциннати WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингте 186-орында тұрған 37 жастағы аустралиялық US Open турнирінің 2011 жылғы жеңімпазы Саманта Стосурмен кездесті.

 

Қарсыластар шілде айында Токио Олимпиадасында ойнап, онда Е.Рыбакина 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірген болатын.

 

Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық спортшы брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3.

 

Е.Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастап, алға кетті – 2:0. Ақыры матчты жеңіспен тәмамдады – 6:3.

 

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 8 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

 

Қарсыласы 3 эйспен шектелді. Ол брейк жасай алған жоқ.

 

Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 16-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен шеберлік байқасады.

 

Ол бастапқы кездесуінде рейтингте 38-сатыдағы аргентиналық Надя Подоросканы 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Цинциннати турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ А.Бублик Цинциннати мастерс турнирінің екінші айналымына шықты.




Көрілген: 318    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.08.2021, 09:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31