Екінші кезеңде Елена Рыбакина Алена Остапенконы (Латвия) үш сетте 6:7, 6:2, 6:4 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Цинциннатидегі (АҚШ) турнирде алғашқы матчын өткізді.
Рыбакина ойынды екінші айналымнан бастап, турнирдің осы кезеңінде латвиялық Елена Остапенкомен (WTA рейтингінде 20-шы) кездесті.
Матч Қазақстан теннисшісінің жеңісімен аяқталды – 6:7, 6:2, 6:4.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz