Теннис

Шарапова АҚШ-тың ашық чемпионатына қатысудан бас тартты

  • Шарапова АҚШ-тың ашық чемпионатына қатысудан бас тартты

    Шарапова АҚШ-тың ашық чемпионатына қатысудан бас тартты

Ресейлік атақты теннисші, әлемнің үшінші ракеткасы Мария Шарапова бүгін басталатын АҚШ-тың ашық чемпионатына қатысудан бас тартты


Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Мария Шарапова Уимблдон турнирінен бері ойнамаған болатын. Цинциннати жарысында оң аяғының жарақатына байланысты кортқа шыға алмаған еді.


Өз мәлімдемесінде Мария АҚШ-тың ашық чемпионатына қатысу үшін бәрін жасағанымен, уақыттың жетпегенін айтқан. Енді ол бірнеше аптадан кейін Азия турнирлерінде бақ сынамақшы.


Шарапованың орнына тағы бір ресейлік Дарья Касаткина ойнайтын болды, ол австралиялық Дарья Гавриловамен кездеседі.


Еске сала кетейік, US Open турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-інші ракеткасы Зарина Дияс словениялық Полона Херцог, тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева украиналық Катерина Бондаренкомен шеберлік байқасады.


Ал Ярослава Шведова іріктеу сайыстарынан өте алмады.


 




Көрілген: 1590    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.08.2015, 15:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31