Теннис

Шарапова спорт тарихында рекордтық қаржы жоғалтқан спортшыға айналуы мүмкін

  • Шарапова спорт тарихында рекордтық қаржы жоғалтқан спортшыға айналуы мүмкін

    Шарапова спорт тарихында рекордтық қаржы жоғалтқан спортшыға айналуы мүмкін

Тыйым салынған препараттарды қабылдағанын мойындаған ресейлік теннисші Мария Шараповамен демеушілік келісімшарттар тоқтатылуы мүмкін. Олай болған жағдайда спортшы 140 миллион доллардан айырылады.


Шарапова спорт тарихында рекордтық қаржы жоғалтқан спортшыға айналуы мүмкін


Мария Шарапова соңғы 11 жылда әлемнің ең табысты спортшыларының қатарынан көрініп келеді, деп хабарлайды BNews.kz шетелдiк БАҚ-қа сiлтеме жасап.


Ал британдық БАҚ-тың пайымдауынша, 28 жастағы Шарапова спорт тарихында рекордтық қаржы жоғалтқан спортшыға айналуы әбден мүмкін. Яғни, оның жоғалтатын қаржысы осындай жағдайға тап болған гольфші Тайгер Вудс пен велошабандоз Лэнс Армстронгтан асып түспек.


Бұның алдында бiз Nike, Porsche мен TAG Heuer сияқты бірқатар компанияның М.Шараповамен келісімшартты тоқтатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Вести.ру-дың мәлiметiнше, енді Avon, American Express пен Head сияқты басқа да фирмалар солай жасауы мүмкін.


Сондай-ақ, спортшыға кәсіпқой тенниске қатысуға төрт жыл мерзiмге тыйым салынуы мүмкін. Бұл жағдайда ол кортта ақша табу мүмкіндігінен де айырылады.


Британдық БАҚ-тың мәлiметiнше, Мария Шарапованың мүлкі 137 миллион фунтқа бағаланып отыр. Бұл басқа теннисшілерден көп.


Daily Mail ақпаратына сәйкес, Үлкен шлем турнирiнiң бес дүркiн жеңiмпазына Nike компаниясымен жарнама келiсiмшарты жылына 6 миллион фунт табыс әкелсе, TAG Heuer жылына 2 миллион фунт төлейді екен. Porsche компаниясымен жасалған келiсiмшарт 2 миллион фунт, Avon мен Evian - 1,5 миллион фунт, American Express, Head және Tiffany & Co - 1 миллион фунт табыс түсіреді. Сондай-ақ, Шарапованың Sugarpova атты кәмпиттер брендiне зияны тиюi мүмкiн.


Естерiңiзге сала кетсек, жуырда ресейлік теннисші Мария Шарапованың допинг-сынамасынан мельдоний анықталды. Препаратқа 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салынған. Теннисшiнiң айтуынша, ол дәріні бірнеше жыл бойы қабылдаған және оған биылғы жылдан бастап тыйым салынғанын білмеген.


The Guardian-ның хабарлауынша, WADA мәліметіне сәйкес, мельдонийді спортшылардың екі пайыздан астамы пайдаланады. Жуырда осы тыйым салынған препаратты пайдаланған басқа да спортшылар анықталды. Олардың қатарында ресейлік спортшылар - волейболшы Александр Маркин, ауыр атлет Алексей Ловчев, мәнерлеп сырғанаушы Екатерина Боброва, конькиші Павел Кулижников пен шорт-трекші Семен Елистратов бар


Дереккөз: BNews. Бизнес сейчас 




Көрілген: 1282    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.03.2016, 15:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31