Шведова WTA турнирінің финалына шықты
27 жастағы Шведова өзінің старттық матчында 22 жастағы венгр теннисшісі Тимеа Бабошпен кездескен болатын.
Кездесу 1 сағат 32 минутқа созылып, 7:6 (7:5), 6:1 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді.
WTA рейтингінде 108-ші орындағы отандасымыз Шведованың бұл қарсыласы әлемнің 84-ші ракеткасы екенін атап өткен жөн.
Енді Шведова әлемнің 95-ші ракеткасы Моника Пюигпен кездеседі. Аталған матч Астана уақытымен 21.30-ға жоспарланған.