Теннис

Теннис: Дохада өтіп жатқан турнирге Қазақстанның үш бірдей теннисшісі қатысуда

  • Теннис: Дохада өтіп жатқан турнирге Қазақстанның үш бірдей теннисшісі қатысуда

    Теннис: Дохада өтіп жатқан турнирге Қазақстанның үш бірдей теннисшісі қатысуда

21-27 ақпан аралығында Катардың Доха қаласында әйелдер арасында өтіп жатқан теннистен халықаралық турнирге Қазақстанның үш бірдей өкілі қатысып, бақ сынауда.


Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Қазақстанның бірінші, әлемнің 57-інші ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда словакиялық, 1994 жылғы Анна Шмидловамен кездеседі. Биылғы сәтсіз өткен жарыстардан кейін дүниежүзілік рейтингте 69-ыншы сатыға дейін сырғып кеткен Зарина Дияс Латвия елінің өкілі, 1997 жылғы Елена Остапенкомен кортқа шығып, өкінішке қарай, 1:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Ал әлемнің 82-інші ракеткасы Ярослава Шведова жапониялық, 1994 жылғы Нао Хибиномен күш сынасады.


Жүлде қоры 2,818 млн. АҚШ долларын құрайтын Доха турнирінің бірінші ракеткасы - Австралия ашық чемпионатының биылғы жеңімпазы, неміс теннисшісі Анжелика Кербер.


Еске сала кетейік, Я.Шведова осының алдында Дубайда өткен ірі халықаралық турнирдің іріктеу сайыстарынан өтіп, әлемнің 13 ракеткасы, итальяндық Роберта Винчиді жеңгенімен, содан кейін дүниежүзілік рейтингте 22-сатыда тұрған Италия елінің тағы бір өкілі Сара Эрраниден өте алмады. Сенбі күні осы С.Эррани Дубай турнирінің жеңімпазы атанды.


 


 


 


Автор: Елжан Ералы 


inform.kz/kaz/article/2873267




Көрілген: 1237    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2016, 09:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30