Теннис

Теннис: Индиан-Уэллс турнирінде Зарина Дияс америкалық Джейми Лебті жеңді

  • Теннис: Индиан-Уэллс турнирінде Зарина Дияс америкалық Джейми Лебті жеңді

    Теннис: Индиан-Уэллс турнирінде Зарина Дияс америкалық Джейми Лебті жеңді

Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс бірінші айналымда америкалық Джейми Лебпен шеберлік сынасты.


Тікелей спорттық көрсетілім арқылы мәлім болғанындай, Зарина бірінші партияны 6:1 есебімен ұтты. Есеп 2:1 болғаннан кейін қазақстандық теннисші ұрымтал сәттерде жеңістік бермей, екі мәрте брейк жасап, алғашқы сетті өз пайдасына шеше білді. Екінші партияда есеп 2:2 болған тұста Зарина тағы да брейк жасады. Содан кейін өз геймін сәтті пайдаланып әрі тағы бір брейкке қол жеткізіп, есепті 5:2-ге дейін ұлғайтты. Дегенмен Джейми Леб те қарап қалмай, бір брейк жасап, өзі допты сәтті беріп, есепті 4:5-ке дейін қысқартты. Сосын аз-маз үзілісте бапкерінен ақыл-кеңес алған Зарина Дияс соңғы геймді сәтті аяқтай білді. Сөйтіп ол бұл партияда 6:4 есебімен жеңіске жетті.


Зарина екінші айналымда бұрын дүниежүзілік рейтинг көшін бастаған, қазір осы турнирдің 13-інші ракеткасы, Беларусь елінің маңдайалды өкілі Виктория Азаренкомен кездеседі.


Еске сала кетейік, жүлде қоры 6,8 млн астам АҚШ долларын құрайтын аталмыш турнирдің екінші айналымында сондай-ақ қазақстандық Юлия Путинцева турнирдің 27-інші ракеткасы, франциялық Кристина Младеновичпен, ал Ярослава Шведова осы жарыста 11-інші болып тіркелген чехиялық Люси Шафаржовамен күш сынасады.


Автор: Елжан Ералы 


inform.kz/kaz/article/2879741




Көрілген: 1036    Пікірлер: 0

жұма, 11.03.2016, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31